Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

Журналист Диас Ахметшәріп өмірден озды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ол «Qazsport» телеарнасының тұңғыш директоры болды. Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Хабар» агенттігінде және «Qazaqstan» телеарнасында спорт журналисі қызметін атқарды.

Корпорация ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Ол 7 мамыр күні 49 жастағы журналист комаға түскен еді. Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер миға қан құйылғанын анықтады. Ол Ақтауға төрт күнге іссапарға келген.

Журналист Қазақстан Қаза болды

Тақырыпқа жаңалықтар