СҚО-да бюджет қаржысын жымқырған шенеунік сотталды

СҚО-да бюджет қаржысын жымқырған шенеунік 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы 15,9 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкіміне сәйкес, ол мемлекеттік, квазимемлекеттік секторда, сот жүйесінде, Ұлттық банк пен қаржылық реттеуші органдарда өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, бөлім басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылумен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды сатып алуға жалған мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасаған. Бұл келісім бір көзден жеткізушімен ресімделгенімен, кәсіпкер аталған мәміледен бейхабар болған.

Аталған факті бойынша 2024 жылғы 6 шілдеде Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

СҚО сот шенеунік Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар