ШҚО: Газ құбыры тесіліп, 5 ауыл газсыз қалды
ШҚО Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылының маңында газ құбыры тесіліп, 860-тан астам үй көгілдір отынсыз қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
30 қазан күні кешкі уақытта Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылының маңында газ құбыры тесіліп, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарының тұрғындары газсыз қалды.
«860-тан астам абонент газсыз қалып отыр. Апат болған жерге бірден «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мамандары келіп жеткен. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан.
Болжам бойынша бүгін түске дейін ауылдарға қайта газ беріледі.