Стоматологиядағы қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанада тіс емдеу орталығындағы 20 жастағы жігіттің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ем барысында пациентке дәрі егілгеннен кейін оның жағдайы күрт нашарлаған. Бірақ әлеуметтік желіде марқұмға аллергиялық сынама жасалмағаны жазылды.

Бұл дерек ресми түрде расталған жоқ. Жауапты министрлік тексеріс жүргізіп, медициналық қызмет көрсету талаптарының сақталуын тексеріп жатыр.

Астана тіс емдеу Қылмыс Жаза

Тақырыпқа жаңалықтар