Судья Шерзаттың әкесін сот залынан шығарып жіберемін деп қорқытты

Судья Шерзаттың әкесін сот залынан шығарып жіберемін деп қорқытты. Ол Шерзаттың әкесіне соңғы ескерту жасады, деп хабарлайды Arbat.media.

Судья Қаржаубай Нұрымовты сот залынан шығаратынын ескертті.

Айта кетейік, бүгін Шерзат Полатты өлтіргендерге қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Шерзаттың анасы айыпталушылардың бәрінің қолында пышақ болғанын айтты. Сонымен қатар Шерзат Полаттың әкесінен де жауап алынды. Ол сот залынан шыққан соң есінен танып қалды. Куәгерлер оны жедел жәрдемге алып барды.

Шерзат Полат ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында 14:00-ға дейін үзіліс жарияланды.

Айта кетейік, Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов күдіктілер қатарындағы жасөспірімге кешірім берді.

Бұған дейін Шерзаттың үйін өртегендер туралы жаңа деректер шыққан.

Еске салайық, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен отбасының қорғаушысы Айтбек Амангелді арасында дау туындаған. Кейін Шерзаттың отбасы құқық қорғаушы Айтбек Амангелдінің көмегінен түбегейлі бас тартты. Енді сотта олардың мүддесін адвокаттар Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов қорғамақ.

Шерзат, Полат, қаза, Қаржаубай, сот

Тақырыпқа жаңалықтар