Шымбұлақ аспажолында адамдар қалып қойды
Фото: Алматы ТЖД
Almaty TDZH
Қазақстан жаңалықтары24 қараша 2024, 16:29

Шымбұлақ аспажолында адамдар қалып қойды

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында аспалы жолында кабиналарда қалған адамдарды эвакуациялау бойынша бірегей операция жүргізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығу сәтті өтті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сценарий бойынша демалушылар электр қуатының үзілуіне байланысты, аспалы жолда қалып қойды.12 метр биіктікте тұрып қалған кабинада төрт адам болған. Туристерді үсік шалып, олар өз бетінше әрекет жасай алмады.

«Үш бөлімшенің құтқарушыларына бір сағаттың ішінде бірден үш кабинанының ішінен эвакуациялауды жүргізу сияқты қиын тапсырма берілді. Содан кейін алғашқы медициналық көмек көрсету арқылы оларды қауіпсіз тасымалдау», - деп атап өтті ТЖД.

Құтқарушылар қойылған тапсырманы 30 минутта орындап шықты. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, әкімшіліктің 109 «Құтқару қызметі» МКҚК, «Шымбұлақ» ТШК шаңғы патрулі - үш бөлімшенің штатында көптеген адам өмірін құтқарған тәжірибелі альпинист-құтқарушылар қызмет етеді.

Шымбұлақ аспажолы Құтқару

Тақырыпқа жаңалықтар