Шымбұлақтағы мейрамхана қазақ тіліне тіл тигізген әкімшіні жұмыстан шығарды

Шымбұлақтағы мейрамхана қазақ тіліне тіл тигізген әкімшіні жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Әкімші тарапынан орын алған қате тұжырым үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Бұл сөздердің көптеген адамдардың көңіліне тигенін түсінеміз. Біз мұндай көзқарасты қолдамаймыз және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне әрқашан құрметпен қараймыз.

Ішкі қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша, қызмет көрсету стандарттарына және мекемеміздің құндылықтарына сай келмейтін байланысты әкімшімен жұмысты тоқтату туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, әлеуметтік желі қолданушылары Алматыдағы Шымбұлақта орналасқан Gusto мейрамханасында болған оқиғаны қызу талқылап жатыр. Threads желісіндегі қолданушының айтуынша, ол мейрамханада қазақ тілінде қызмет көрсете алатын даяшы бар-жоғын сұраған кезде, әкімші тарапынан дөрекі жауап алған.

Шымбұлақ әкімші жұмыс қазақ тілі

Тақырыпқа жаңалықтар