Шымбұлақтағы қазақ тіліне қатысты дау: Мейрамхана әкімшісі кешірім сұрады

Шымбұлақтағы қазақ тіліне қатысты даудан кейін мейрамхана әкімшісі кешірім сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Заңгер Мейірман Шекеев екі жақ қол алысып, істі шешкенін хабарлады.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген халықпыз. Сондықтан осы істі осылай бір-бірімен қол алысып аяқтауды жөн көріп отырмыз», — деді заңгер.

Бұрынғы мейрамхана әкімшісі Елена халықтан кешірім сұрады. Ол «эмоцияға беріліп, ойымды дұрыс жеткізбедім» деді.

Мейірман Шекеев дау болған мейрамханада көрнекі ақпарат, ас мәзірі заңға сәйкес толық қазақша болатынын жеткізді.

Шымбұлақ дау Кешірім Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар