Қазақстан жаңалықтары14 қазан 2023, 13:50

Шымбұлақты қар басып қалды

Алматының таулы аймақтарына түнде қар жауды. Қалалық коммуналдық қызметтер Шымбұлақтағы қарды күреп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шымбұлаққа қар түсуіне байланысты көктайғаққа қарсы материал себіліп, бұрынғы экопосттан Шымбұлаққа дейінгі учаскеде жол қардан тазаланып жатыр. Жол қозғалысын шектеу үшін жол полициясы бекеті қойылды»,- деп хабарлады Алматы әкімдігі.  

Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан екі жеке тұрғын үйдің ауласын су басты.

Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында түнгі ауысымға 34 кезекші бригада, 114 техника, 23 мотопомпа, 115 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Алматы Шымбұлақ Қар

Тақырыпқа жаңалықтар