Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт ұсталды
Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып кеткен жігіт қамауға алынды. Сондай ақ, жасөспірімді еркінен тыс тұрмысқа бермек болғандар да полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қала тұрғынының арызы бойынша полиция «Міндеттеп некеге тұрғызу» бабы (ҚР ҚК-нің 125-1-бабы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция мәліметінше, тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады.
Айта кетсек, Шымкент қаласында 17 жастағы жас қызды бұрын-cоңды көрмеген ер адам әйелдікке алып қашып кеткен, онымен қоймай, оның ұялы телефонын тартып алып, өз еркімен келгені туралы қолхат жаздыруға тырысқан. Өз сөзінде қыз құзырлы органдар ештеңе істемегенін, ешкімнің жауапқа тартылмағанын айтқан еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: