Шымкентте 3 жасөспірімнің жасаған ерсі әрекеті видеоға түсіп қалған
Шымкентте үш жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Шымкенттік жастар мас күйде №42 «Атырау-Алматы» поезінің соңғы вагонына жармасып мінбек болған.
Жасөспірімдер полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды, ал олардың ата-аналары балаларын ересектерсіз түнде жүргені үшін 7 МРП (27 524 тг) мөлшерінде айыппұл төледі.
Олардың іс-әрекеті теміржол қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып саналады және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді.