Шымкентте әкесі өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Шымкентте әкесі өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media.
28 жастағы жігіттің денесін қанға боялып жатқан жерінен анасы тапқан.
Қазір полицейлер қылмыс жасаған адамды іздеп жатыр.
Күдіктілердің арасында жігіттің әкесі де бар, деп хабарлайды Astana TV.
Тергеу басталып, «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
«Қаратау ауданындағы оқиға орнында жедел-тергеу тобы мойнында кесілген пышақ жарақаттары бар 28 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді анықтау және ұстауға бағытталған барлық қажетті шараларды қолдануда», - деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.
Бір нұсқа бойынша, күдікті психиатрдың есебінде тұрады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: