Шымкентте алимент төлемеген азаматтардың саны күрт өскен
Шымкентте алимент төлемеген азаматтардың қарызы 5 млрд теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қалада 3,5 мыңға жуық борышкер тіркелген, олардың шамамен 700-і табысын көрсете алмаған.
Осыған байланысты борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Шараға 30 кәсіпорын қатысып, вакансия ұсынды. Кейбір мекемелер мамандығы жоқ азаматтарды тегін оқытып, сертификат беруге дайын екенін мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, борышкерлерді тұрақты жұмысқа орналастыру алимент берешегін өтеуге мүмкіндік береді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: