Қазақстан жаңалықтары16 сәуір 2025, 10:50

Шымкентте баласына 6 млн теңге қарыз болған әке сотталып кетті

Шымкентте алимент бойынша қарызы бар борышкер сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сот борышкерден кәмелетке толмаған баланы асырау үшін барлық табыс түрлерінің 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы қаулы шығарған. Сот орындаушысының қаулысының негізінде борышкердің қарыз сомасы 6 млн теңгеден асқандығы анықталған.

Алайда. Ол 2007 жылдан бері қарызын төлемеген.

Сот үкімімен «С» есімді борышкерге ҚР ҚК 139-бабымен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын ескертеді.

Әке, сот, алимент
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар