Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2023, 20:00

Шымкентте кибераферистерге халықаралық іздеу жарияланды

Шымкент полициясы қала тұрғындарын 50 млн теңгеге алдап кеткен кибераферистерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Рolisia.kz хабарлайды.

Алматы, Ақтөбе және Тараз қаласының 31, 36, 37 жастағы тұрғындары шымкенттік 30 тұрғынды сан соқтырған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеге жуық.

Алиса Аманова, Элина Хамидова және Рамис Расимовқа биылғы шілде айында ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен (бірнеше рет жасалған алаяқтық) халықаралық іздеу жарияланды.

Қылмыс схемасы: көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, оны төмен бағада қайта жарнамалайды. Қоңырау шалған клиентпен кездесетін уақытты белгілейді. Одан әрі көліктің шын иесіне қоңырау шалып, өзін клиент ретінде таныстырған және кездесу уақытын белгілейді.

Алаяқтар екі тарапқа да көлікті көруге және көрсетуге туысы келетінін айтады. Ал ақшасын төлеу мәселесі бойынша өздеріне қайта қоңырау шалу керектігін ескертеді. Осылайша олар нағыз сатушы мен сатып алушыны бетпе-бет жүздестіреді. Олар тарқасқан соң клиентке қайта қоңырау шалып, ақшаны өз есепшоттарына аудартып алады.

Шымкент кибераферистер Алаяқтар Іздеу

Тақырыпқа жаңалықтар