Шымкентте өртеніп жатқан үйден 7 адам құтқарылды
Оқиға Қызылкенші көшесінде болды. Екі қабаттың үйдің ішіндегі жиһаздар мен техникалар өртке оранған, - деп хабарлайды Arbat.media.
. Өрт сөндірушілер жалын ішінен 7 адамды қауіпсіз аймаққа алып шықты. Олардың 5-еуі – бала.
«Зардап шеушілер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 12 қызметкері және апаттар медициналық орталығы филиалының мамандары жұмылдырылды» - дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: