Қазақстан жаңалықтары28 ақпан 2024, 10:00

Такси жүргізушілеріне қарызын қайтармай жүрген алаяқ ұсталды

Алматыда таксишілерді алдап жүрген ер адам ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше, 27 жастағы С. есімді азамат қаланың кемінде төрт тұрғынын алдап кеткен. Оларға 10-15 мың теңге аралығында шығын келтірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Тергеу барысында қаскөйдің такси шақырғаны белгілі болды. Жолда жүргізушімен сөйлесіп, оның сеніміне кіріп, біраз уақытқа белгілі бір соманы қарызға бере тұруын өтініп, жұмысқа барған соң қайтарып беруге уәде еткен. Кейбір такси жүргізушілері еш ойланбастан бейтаныс жігітке көмектескен. Қазіргі уақытта бізге арызбен 4 адам жүгінді. Күдікті ұсталды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев.

Ер адам бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотты болғаны белгілі болды.

«ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады», - деп хабарлады полицияда.

Алматы такси Қарыз алаяқ

Тақырыпқа жаңалықтар