Талдықорған тұрғыны қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Талдықорғанда 39 жастағы ер адам 15 жастағы қызын 7 жыл бойы зорлаған. Сот ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
7 жылға созылған қылмыс осы жазда әшкереленді. Кәмелетке толмаған қыз бала анасына барлық мән-жайды айтып берді. Сотта ер адамның үлкен қызына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны дәлелденді.
Қылмыстық кодекстің 121-бабы («сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық») бойынша сотталушы кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкімді Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов оқыды.
Сот материалына сүйенсек, ер адам орта білімі бар, жұмыссыз, төрт баланың әкесі екен. Сотталған адамға химиялық кастрация тағайындалды.