Қазақстан жаңалықтары18 мамыр 2024, 9:00

Талдықорғанда оқушы қыз 16-қабаттан құлап көз жұмды

Оқиға 16 мамыр күні кешкі жеті шамасында, Болашақ шағынауданында болған. Жасөспірім 16-қабаттан секіріп, көз жұмды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, марқұм қаладағы жекеменшік мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған. Анасының айтуынша, бойжеткен өзін жайсыз сезініп, үйінде ауырып жатқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сабақ үлгерімі жақсы, мінезі тұйық, сыныптастарынан оқшауланып жүретін, мектепішілік есепке алынбаған. 21 мамыр күніне ҰБТ тапсыруға тіркелген. Әлеуметтік жағдайы орташа, көпбалалы отбасы, отбасындағы 4-ші бала. Сабаққа келмеген күндеріне денсаулығына байланысты анықтама әкелетінін ескерткен», - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қыздың көпқабатты үйден құлау фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу басталған.

Талдықорған оқушы қыз суицид

Тақырыпқа жаңалықтар