Қазақстан жаңалықтары1 ақпан 2026, 13:50

Талдықорғанда теміржол цистерналары рельстен шығып кетті

Талдықорғанда пропан газы тиелген теміржол цистерналары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Талдықорған станциясының №215 жолында тұрған 5 цистерналы вагон өздігінен жылжып, №214 сақтандыру жолының тұйық призмасына соқтығысу салдарынан 2 вагон рельстен шығып кетті.

Қазір Талдықорған - Қарабұлақ бағыты уақытша жабылып, №3604 пойыз тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Оқиғаның нақты себебін арнайы комиссия анықтайды.

Талдықорған газ Цистерна Теміржол

Тақырыпқа жаңалықтар