Талдықорғанда төбелес адам өлімімен аяқталды

Талдықорғанда төбелес болып, оған қатысқандардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жетісу облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

Талдықорғандағы жантүршігерлік оқиға туралы Telegram желісіндегі Kris_p_astana арнасынан мәлім болды.

Жазбада жігіттер арасындағы төбелес "Восточный" шағын ауданында болғаны айтылады.

"Төбелес кезінде оған қатысқандардың бірі пышақ жарақатын алды. Алған жарақатынан ол жедел жәрдем келгенше сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талдықорған Қылмыс Адам өлді

Тақырыпқа жаңалықтар