Талдықорғанда жаппай төбелеске қатысқан 8 адам ұсталды
30 желтоқсан күні Талдықорған қаласындағы кафелердің бірінде шу шығып, келушілер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты. Оқиға орнына келген полиция үш адамды ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бүгін Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарының тыныштығын бұзған оқиға жайында мәлімдеме жасаған Жетісу полициясы жаппай төбелеске қатысы бар тағы 5 адамның қамауға алынғанын жария етті.
- Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қоғамдық орында тәртіпсіздік ұйымдастырып, топтық төбелеске қатысқаны үшін айыпталып отыр, - дейді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Арман Саданов.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: