Талдықорғанда зорлық жасады деген күдікпен тәртіп сақшысы ұсталды
Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының лауазымды басшыларының бірі қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жетісу облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасына 27 жастағы бойжеткеннен арыз түскен.
Шағымданушы зорлық әрекеті лауазым иесінің жұмыс кабинетінде болғанын, жеке басының қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтып, көмек сұраған.
Жария етілген ақпаратқа сәйкес, күдікті полицейге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Ескелді ауданындағы уақытша ұстау мекемесіне жабылған.
Аталмыш оқиғаға қатысты ресми орган түсініктеме берген жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: