Қазақстан жаңалықтары17 шілде 2025, 16:32

Танымал қазақстандық театр мен кино актері қаза тапты

Театр мен кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемаловтың көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

«69 жасқа қараған шағында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті актер Қайрат Кемалов өмірден өтті. Ол бүкіл саналы ғұмырын театр саласына арнады. Қайрат Кемаловтың өнердегі мансабы Қарағандыда басталған еді. Оның өнердегі жетістіктері халықаралық дәрежеде жоғары бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Ол түрлі тарихи образдарды сомдауда актерлік шеберлігімен көріне білді», – деп жазды әкім.

Ресми деректерге сәйкес, Қайрат Кемалов кәсіби жолында жүздеген рөлді сомдаған.

Қаза Актер Қазақстан театр
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар