Қазақстан жаңалықтары14 мамыр 2024, 13:16

Тасқын: 20 600 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды

Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге төленген өтемақы сомасын атады. 20 600 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы - 7,5 млрд теңге. 680 отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 362 млн теңге сомасында өтемақы алды, - деді вице-премьер Қанат Бозымбаев, - деп хабарлайды Arbat.media.

Вице-премьердің дерегінше, 568 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 710 млн теңге сомасында өтемақы алып үлгерді.

«Өңірлерде залалды бағалау және оны өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда», - деді ол.

Тасқын Өтемақы Статистика Қанат Бозымбаев

Тақырыпқа жаңалықтар