Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды – СІМ
Қазақстан Республикасының 10 275 азаматы елге қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды.
“Қазақстан Республикасының өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетті”, – делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Отанына қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдарға және шетелдік әріптестерге алғыс білдірді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: