Таяу Шығыстан 7300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды

Таяу Шығыстан 7300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтарып жатыр.

Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 7300-ден астам қазақстандық елге оралды.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтар құрлық арқылы деп елге оралып жатыр. Олар Әзербайжан, Армения және Түрікменстан шекаралары арқылы эвакуацияланып жатыр.

таяу шығыс Қазақстан азамат Ұшақ

Тақырыпқа жаңалықтар