Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2025, 17:23

Темірлан Еңсебектің соты: жақтастарын полиция ұстап әкетті

Полиция Темірлан Еңсебектің жақтастарына күш қолданып сот ғимаратынан шығарып жіберді, деп хабарлайды Arbat.media.

Айгүл Нурбулатова, Дархан Шәріпов, Мария Кочнева, Ақторғын Ақкенжебаласы, Коңысбай Айрис ұстап әкетті.

Темірлан Еңсебек жазбада «Йоу, орыстар» әнін қолданғаны үшін айыпталып жатқанын түсінбейді.

QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Тина Канделаки туралы жазбаға осы әнді қолданған.

Ол «Бұл жазбадан да қызық жазбалар бар еді» деп, «Назарбаевқа Құдай статусын беру» туралы жазбаны атады.

Темірлан, Еңсебек

Тақырыпқа жаңалықтар