Тоқаев Ресей-Украина жайында: «Басты мәселе территориялық талас екенін түсінеміз»

Президент Пәкістанның The News International газетіне сұхбат берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Соның барысында журналист Қасым-Жомарт Тоқаевтан Ресей мен Украина арасындағы соғыс ұзаққа созылып кеткенін айтып, Мемлекет басшысынан «өзіңізді араағайын ретінде көресіз бе?» деп сұрады.

«Расында, жағдай аса күрделі. Бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін түсінеміз. Қазақстан қақтығысты тек саяси, дипломатиялық амалдармен реттеуге болады деп есептейді. Қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру. Бұған кәміл сенеміз.

Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайды. Алайда еліміз келіссөздерге бейтарап алаң ұсынып, жан-жақты көмектесуге дайын», - деді Президент.

Тоқаев Пәкістан Сұхбат Басшы
Кеше, 13:25 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:33 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:32 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:40 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар