Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шавкат Мирзиёев Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Өзбекстан президентінің айтуынша, референдум нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді.

«Мемлекет басшысы қолдау білдіріп, халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты», деп хабарлады Ақорда.

Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.

Тоқаев Өзбекстан Ақорда сөйлесті

Тақырыпқа жаңалықтар