ТҚС жұмысшысы мас күйде клиенттің көлігін айдап кеткен
Өскеменде техникалық қызмет көрсету станция жұмысшысы мас күйде клиенттің көлігін айдап кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Полицияға хабарласқан тұрғын жөндетуге қалдырған Suzuki көлігінің ұрланғанын айтты.
Көлікті айдап кеткен жұмысшы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, оны полиция қызметкерлері тоқтатқан. 29 жастағы жігіт сол жерде көлік жөндеуші болып жұмыс істейді және сол күні мас болған.
ТҚС жұмысшысы қолхатпен босатылды. Көлік ұрлау фактісімен ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлікті мас күйде жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
«Бейнебақылау камералары қылмысты тез ашып, құқық бұзушылықтың алдын алуда септігін тигізеді. 2023 жылы бейнебақылау камерасы арқылы 141 қылмыс, оның ішінде 12 тонау, 10 бұзақылық, 51 ұрлық және 18 көлікті айдап әкету қылмысы ашылған.