Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды

Синтетикалық есірткіні сату және қылмыстық кірісті заңдастыру бойынша трансұлттық қылмыстық топты басқарған Украина азаматы Польшадан экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, күдікті Telegram мессенджерінде Kaef Mafia интернет-дүкені арқылы есірткі және психотроптық заттарды жүйелі түрде байланыссыз сатуды ұйымдастырған.

Қылмыстық әрекет нәтижесінде банк шоттары арқылы 2,8 млрд теңгеден астам қаражат өткізілді, олар Қазақстаннан тыс жерге шығарылды, бірақ кейіннен қабылданған шаралар арқылы мемлекет пайдасына тәркіленді. Жедел іс-шаралар барысында осы қылмыстық топ мүшелерінен 1,2 келі есірткі және психотроптық заттар алынды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыс ТОП Польша ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар