Түрікменстан газын Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр
Фото: orient.tm
orient.tm
Қазақстан жаңалықтары1 қараша 2024, 13:00

Түрікменстан газын Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр

Қазақстан түрікмен газын импорттаудың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстан ішкі нарықты отандық газ көздерінен қамтамасыз етіп отыр, импортқа тек тұтынудың ең жоғары кезеңінде ғана жүгінеді. QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешовтің пікірінше, алдағы 10-15 жылда елімізде газ тұтыну екі есе артуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Түрікменстан Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникациялар агенттігі мәлімдеді, деп жариялады Kazinform.

Агенттік QazaqGaz-қа сілтеме жасап, газды жеткізу көлемі коммерциялық және техникалық шарттар негізінде анықталатынын нақтылады. QazaqGaz мен «Түрікменгаз» мемлекеттік концернінің ынтымақтастығы инвестициялық келісімдерге қол қою арқылы бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің бірқатар перспективалық бағытын талқылауды да қамтиды.

Ашхабадта өткен «Түрікменстан мұнайы мен газы-2024» (OGT-2024) 29-шы Халықаралық конференциясы аясында QazaqGaz басшысы түрікмен серіктестерімен газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың нақты қадамдарын талқылап, өзара тиімді жобаларды одан әрі ілгерілету үшін жұмыс тобының отырыстарын жоспарлады.

Түрікменстан газы Қазақстан QazaqGaz газ жеткізу

Тақырыпқа жаңалықтар