Қазақстан жаңалықтары15 желтоқсан 2023, 23:52

Түркістан облысында 18 000 астам абонент жарықсыз қалды

Бәйдібек, Сауран, Ордабасы, Түлкібас аудандары мен Кентау қаласында жарық сөніп қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қатты желден Кентауда 10 нысанға зақым келді. Оның ішінде 6 мектеп, 1 балабақша, 2 көп қабатты тұрғын үй, 1 жылыжайдың шатыры ұшып, терезелері сынған және сыртқы қаптамалары түсіп қалған. Сондай-ақ, жеке сектордағы үйлердің де қақпалары мен қоршауы құлаған.

Ал Бәйдібек, Сауран, Ордабасы және Түлкібас аудандарындағы елдімекендерінде электр қуаты сөніп, жалпы 18 682 абонент жарықсыз қалды.

«10453 абонент электр қуатына қосылды. Қалған 8229 абонентті электр қуатына қосу бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытқа 52 адам, 19 техника жұмылдырылып отыр», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Жалпы 23 000 астам абонент ауызсусыз қалды. Бұрқасын бораннан Кентау қаласы мен Сауран және Түлкібас аудандарында ауызсу беру тоқтаған.

«Кентауда 17000 абонент су көзіне қосылды. Қалған екі ауданда жөндеу жұмыстары жалғасуда. «Сауран су», «Тұраркент су» және «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемелерінің жөндеу бригадаларымен жұмыс істеп жатыр».

Түркістан облысы Оқыс оқиға жарықсыз қалды

Тақырыпқа жаңалықтар