Қазақстан жаңалықтары4 маусым 2024, 19:49

Түркістан облысында адам өлтірген күдікті 13 жылдан соң қолға түсті

Жедел уәкілдер бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды Шымкент қаласында ұстады. Күдікті қамауға алынды. 2011 жылы валюта айырбастаумен айналысатын Жетісай ауданының тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған ер адам жәбірленушіні өлтірген. Содан қалтасындағы 5 мың АҚШ долларын алып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сол кезде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Тіпті, полиция базар маңынан күдіктінің мотоциклін тауып, заттай дәлелдемелерді тәркілеген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Полиция 13 жыл бойы жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатпай жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам өз әрекетін толық мойындады. Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Түркістан облысы 13 жыл ұсталды Қылмыскер

Тақырыпқа жаңалықтар