Қазақстан жаңалықтары5 ақпан 2026, 12:33

Түркістан облысында бір топ адам алтынды заңсыз өндірген

Түркістан облысы Созақ ауданында 12 адам алтынды заңсыз өндірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратура мәліметінше, күдіктілер рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұзып, шамамен 451 грамм алтынды заңсыз өндірген.

Осыған байланысты қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 5 күдікті үйқамаққа алынды.

 

Түркістан облыс заңсыз Алтын
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар