Түркістан облысында қауіпті темекі түрін дайындап сатқандар ұсталды

Түркістан облысында адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі түрін(снюс) заңсыз дайындап сатқандар ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

ҚМА мәліметінше, Келес және Ордабасы аудандарында орналасқан 3 жасырын цехтың жұмысы әшкереленген. Цехта күн сайын шамамен 20 адам жұмыс істеген. Тыйым салынған өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жүйелі түрде таратылып отырған.

«Заңсыз айналымнан 1 млн-нан астам дайын өнім, 30 тонна темекі, 2 млн қаптама пакеті, түрлі хош иістендіргіштер мен улы химиялық қоспалар, сондай-ақ өндірістік арнайы жабдықтар тәркіленді», деп хабарлады ҚМА.

Сот санкциясымен екі автокөлікке тыйым салынды.

Түркістан облыс ҚМА темекі

Тақырыпқа жаңалықтар