Түркиядағы көтеріліс: Ердоғанның бақталасына сот шешім шығарды
Түркиядағы көтеріліске себеп болған, жемқорлық бабымен күдікке ілінген Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлыны қамауға алу туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Стамбұл мэрі 60 млрд түрік лирасы болатын сыбайлас жемқорлық және алаяқтық ісін тергеу аясында қамауға алынды. Жуық арада ол түрмеге тоғытылады. Имамоғлыны сот жемқорлықтан басқа лаңкестік ұйымдармен байланысы болуы мүмкін деген айыппен тергеуге байланысты бақылауға алу туралы шешім шығарды.
Онымен бірге 106 адам тергеліп жатыр. Олардың барлығы ауқымды операция барысында ұсталды.
Еске салсақ, Түркия прокуратурасы соттан Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглуды терроризм мен сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша қамауға алуды сұрады. Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Экрем Имамоғлу 19 наурызда ұсталды.