Түркиядағы толқу әлі жалғасуда: тың деректер
Түркиядағы наразылық барысында бір күнде 343 адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Түркия қалаларындағы наразылық әлі басылмай тұр.
"Кеше кешке Стамбұл, Анкара, Измир, Адан, Анталья, Чанаккале, Ескішаһар, Конья және Едірне қалаларында өткен наразылық кезінде 343 күдікті ұсталды" - деп жазды Түркия ішкі істер министрі Әли Ерлікай X желісінде.
Айта кетейік, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның үкімімен қамаудағы Экрем Имамоглу Түркия президенттігіне үміткер болып қала бермек.
Республикалық халықтық партиясының төрағасы Өзгүр Өзел Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглудың Түркия президенттігіне үміткер болып қала беретінін мәлімдеді.
Егер оған заңды кедергілер қойылса, партия қарсылық көрсетеді. Өзелдің айтуынша, Имамоглу Ердоғаннан 4,5% алда және билік оған қысым күшейткен.
Еске салайық, Түркияда президент Режеп Тайып Ердоғанның басты оппозициялық қарсыласы Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлу ұсталғаннан кейін жаппай наразылықтар басталды. 19 наурызда полиция Имамоғлудың үйіне басып кіріп, оны сыбайлас жемқорлық айыптарымен ұстап әкеткен.
Оның ұсталғаны туралы ақпарат тарасымен халық жаппай наразылық білдіре бастады. Наразылық 50-ге жуық қаланы қамтыды. Көшеге жиылған халықтың көбі студенттер болды. Митинг ұйымдастырушылар билікті оппозицияны саяси қудалады деп айыптады.
Түркияда жаппай наразылықтар салдарынан Стамбұл биржасының индексі тез төмендей бастады.
Стамбұл биржасындағы құлдырау 5 пайызға жетті. Сауда-саттық бағалы қағаздарды сатудан басталғандықтан, бұл қысымның артуына түрткі болды.