Түрмеде екі адам ерегесіп, біреуі алған жарақаттан ажал құшқан
Абай облысындағы түзету мекемесінде сотталған адамның көз жұмуына байланысты сотқа дейінгі басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті:
Оқиға 5 қазан күні болған. Екі сотталған адамның арасында ерегес туындап, олардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды. Осыған байланысты қызметтік тексеру жүрді. Соның қорытындысы бойынша түзету мекемесінің бірқатар қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Марқұмның нақты қандай жарақаттан көз жұмғаны жайлы ақпарат берілмеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: