Уақыт белдеуін кері қайтару мәселесі жуырда қаралмайды
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2024, 9:23

Уақыт белдеуін кері қайтару мәселесі жуырда қаралмайды

Уақыт белдеуін кері қайтару мәселесі жуырда қаралмайды. Премьер Олжас Бектенов бастаған Министрлер кабинеті бұл реформаның халықтың тұрмысына тигізер пайдасы мен зияныны білу үшін кемі үш жылдай уақыт қажет деп отыр. Тіпті азаматтардың өтінішімен депутаттар қолқа салса да, Үкімет жұмысының күн тәрбінде бұл мәселе тұрған жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары:

— Егер нақты менен сұрасаңыздар, жылдар бойы ерте ұйықтауға дағдыланғанмын, бұл өзгеріс маған жақсы. Менің кейбір достарым мұны ұнатпайды. Яғни біз барлық артықшылық пен кемшілікті таразылауымыз қажет. Бұл іс жүзінде қалай болатынын күту, тыңдау және көру керек.

Роман Скляр уақыт белдеуі кері қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар