Ұлттық банк базалық ставканы 16,5% деңгейінде сақтап қалды
Ұлттық банк базалық ставканы 16,5% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін де базалық ставка 16,5% деңгейінде еді. Ал оның алдында 15,25% болған.
Базалық мөлшерлеме – елдегі орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: