Хасан Қасымбаевтың соты қашан басталады?

«Хуторлықтар» атты ұйымдасқан қылмыстық топың жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевтың ісі Талғар аудандық сотында қаралатын болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Соттың хабарлауынша алғашқы тыңдау 20 тамызға жоспарланған, Іс бойынша судья болып Айнагүл Түкүбаева тағайындалған.

Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұстау изоляторына қамалды. Ол ММА жауынгері Арман Әлімовті ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін ұсталған. Қасымбаевтан бөлек Нұрмұхамет Сұлтанбеков, Мадияр Қалымжанов, Данияр Асқаров, Сайлау Ақтанов есімді азаматтардың да бұл қылмысқа қатысы бары анықталды.

Хасан Қасымбаев сот хуторлық
Бүгін, 16:32 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 17:17 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар