Яна Легкодимована өлтіргендер өмір бойына сотталуы мүмкін

23 жастағы Яна Легкодимованы әбден азаптап, тұншықтырып өлтірді деген айыпталушыларға прокурор өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл іс қазақстандық қоғамда кең резонанс тудырды.

Сотталушылар – екі жас жігіт: Алтынбек К. және Ризуан Х. Соңғысы Яна Легкодимовамен қарым-қатынаста болған. Негізгі фигурант – Ризуан Х. – қызды қасақана өлтіру және мүлкін қасақана жою бойынша айыпталып отыр. Екінші фигурант қылмыстың қатысушысы ретінде қарастырылуда. Оларды Яна жоғалғаннан кейін екі күнде қолға түсірген.

Қыздың анасы да қатаң жазаны талап етіп отыр.

Бұл даулы істің соты биылғы жылдың қыркүйек айының соңында басталды. Сотта айыпталушылардың хат алмасулары оқылып, олар қызды өлтіру және мәйіттен құтылу жоспарын құрғаны анықталды. Мәйітін Ұрал өзенінің жағасынан табылған, іздеу жұмыстары сегіз айға созылған.

сот Яна легкодимова Атырау облыс

Тақырыпқа жаңалықтар