Яна Легкодимованың өліміне қатысты іске апелляциялық шағым түсті

Яна Легкодимованың өліміне қатысты өмір бойына сотталғандар апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Атыраудағы Яна Легкодимованы қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған екі сотталушы үкімге апелляциялық шағым түсірді. Олардың қорғаушылары өмір бойына кесілген жазаны жеңіл жазаға ауыстыруды сұрап отыр.

Жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Әбділдің айтуынша, апелляциялық шағым алдын ала берілген. Өйткені заң бойынша үкім шыққаннан кейін 15 күн ішінде шағым беру қажет.

«Қазіргі уақытта тек алдын ала апелляциялық шағым берілді. Қорғаушылар үкімді толық зерттеген соң оны нақтылап, дәлел-дәйектерін толықтыра алады», — деді ол.

Еске салсақ, қараша айында Атырау қалалық соты екі ер адамды алдын ала сөз байласып адам өлтірді деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот оларды марқұмның анасына моральдық және материалдық шығын ретінде өтемақы төлеуге міндеттеді

Қазір іс апелляциялық сатыда қаралуда. Жәбірленуші тарап әділ жаза күшінде қалатынына үмітті.

Атырау Яна легкодимова сот шешім

Тақырыпқа жаңалықтар