Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі туралы тың дерек
Жуырда ғана Атырау облысының соты 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісіне нүкте қойды. Ризуан Хайыржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. ІІМ қылмыскерлердің әрекетін егжей-тегжейіне дейін баяндап берді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі адам шошырлық бейнеролик жариялады. Бейнеден Хайыржанов пен Катимовтың көлік ішінде Яна Легкодимованы өлтірген кадрды көруге болады.
Полицейлер қыз жоғалып кеткеннен кейін іздеу жұмыстары дереу басталғаны, күдікті ретінде екі адамның ұсталғанын атап өтті.
"Камералардағы жазбаларды қарау кезінде ақ көлік үйлердің алдына келіп тоқтағанын көрдік. Ол көлік Ризуан Хайыржановқа тиесілі болды. Кадрда қыздың салонға отырғанын көруге болады. Көлік сыртынан екінші адам есікті тұрады. Ал іштегі адам қызды тұншықтырады, Осыдан кейін сырттағы жігіт көлік ішіне отырады. Кейін олар Талдыкөл ауылына қарай бет алады», - дейді тергеуші Темірхан Хажмұратов.
Тергеушілер жолдағы камералар түсірген бейнежазбалардан көліктің бағытын анықтаған. Күдіктілер екі күннен кейін ұсталды. Олардың бірі Құрманғазы ауданына кетіп үлгерген. Ал екіншісі Яна Легкодимованың іздерін жуып, тазалап, телефонындағы ақпараттарды жойған. Алайда, тергеу жойылған дәлелдерге қарамастан оқиғалар тізбегін қалпына келтірген.
«Біз бірінші болып Хаиржановты анықтадық. Оның айғақтары бойынша Катимов ұсталды. Менің тәжірибемде алғаш рет бірінші болып күдіктілер ұсталып, марқұмның денесі кейіннен табылды. Алайда күдіктінің сөздерін зерделей отырып, біз қылмыс орнын анықтадық», - деп толықтырды Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ерлан Құсайынов.
ІІМ қызметкерлерң кейде ұсақ-түйектен шындық шығатынын айтады. Олар мінез-құлықты мұқият бақылайтынын, психологиялық жағдайды дұрыс бағалауға тырысатынын айтты.
«Басты күдікті тергеуді шатастыруға тырысты. Алайда бәрі айдан анық болды. Соттың санкциясынан кейін біз Хаиржанов пен Катимовтың хат алмасуын оқыдық. Хат-хабарларда олар кісі өлтіру жоспарын әбден талқылаған. Олар интернеттен тіпті Қазақстанда кісі өлтіргені үшін қанша жылға сотталатынын да іздеген. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларындағы жазбалар қанша уақыт сақталатынына қызығушылық танытқан», - дейді тергеушілер.