Жамбыл облысында ірі қараны шекара асырмақ болғандар ұсталды

Жамбыл облысында ірі қараны шекара асырмақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Жамбыл облысы Меркі ауданында 200-ге жуық сиырды Қырғызстанға заңсыз өткізбек болғандар анықталды. Бірақ 70-ке жуық ірі қараны айдаған күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.

Сонымен қатар Мақпал тауында 111 сиырды көрші елге айдап өтпек болған тағы бір топтың жолы кесілді. Малдың бір бөлігі ұрланған, енді бір бөлігі иелерінің келісімімен сатылған болуы мүмкін.

Шекара асыру әрекеттерінің жиілеуіне көрші елдердегі, әсіресе Қырғызстан мен Өзбекстандағы ет бағасының екі есе қымбаттауы себеп болып отыр.

Мемлекеттік шекараны күзету бөлімінің басшысы Мақсат Шәкеновтің айтуынша, соңғы рейд барысында «Түйе қарын» шатқалында 64 ірі қара тәркіленген. Қазір мал иелерін және күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері тау үстінде 400-ге жуық бас мал шекарадан заңсыз өткізілмек болғанда ұсталған.

жамбыл Тараз өңір шекара

Тақырыпқа жаңалықтар