Қазақстан жаңалықтары11 маусым 2024, 22:51

Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.Оқиға 9 маусым күні болған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, сарбаздың жағдай әзірге әлі де ауыр жағдайда, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына „полисегментальды пневмония“ диагнозымен жатқызылды. Оң жақта плеврит. 3-4 дәрежелі жұқпалы токсикалық шок. Сепсис. Мидың гипоксиялық ісінуі, церебральды кома 2-3. ДВС синдромы. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді», — делінген баспасөз релизінде.

Жамбыл облысы Сарбаз Кома жансақтау бөлімі

Тақырыпқа жаңалықтар