Жанабыловтар үй қамаққа қамалды

ҚМА блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу дерегінше, ерлі-зайыпты блогерлер былтыр онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған «курстарды» сатып алудың негізгі себебі – қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған.

Ал курстағы бейнематериалдардың басым бөлігі YouTube платформасынан алынған. Сонымен қатар, курстардың нақты білім беруге қатысы болмаған.

Блогерлер ұтыс барабанының параметрлерін өзгерткен. Нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы артып, құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.

«Күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-нші автокөлікті табысталғаны туралы мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған», деп хабарлады ҚМА.

Жанабыловтар заңсыз курс арқылы 247,5 млн теңге тапқан. Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына және 12 автокөлікке тыйым салынды. Күдіктілер үйқамаққа қамалды.

блогер Курс заңсыз Жанабылов

Тақырыпқа жаңалықтар