Қазақстан жаңалықтары1 наурыз 2024, 8:09

Жәнібекті сатып жіберген перзентхана қызметкері табылды

Журналист Қымбат Досжан туған анасын іздеп, күні кеше Қазақстанға келген Жәнібек Савельевті сатып жіберген адамдарды білетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабар таратты.

«Бұл туралы өткен сұхбатымда да айттым. Жәнібекті сатқан келіншек бельгиялық азаматшадан мыңдаған еуро көлемінде қомақты ақша алған. Кәдімгідей қолынан санап тұрып алған. Ол әйел адам екенін, оның сол кезде жас келіншек болғанын, оның отбасы барын, оның қазір жасы нешеде және қай жерде жұмыс істейтінінен де хабардармын», дейді Қымбат Досжан.

Журналистің айтуынша, қазір ол кісімен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібекті асырап алған ананың психикалық денсаулығында ақау болған.

«Бұл баланы о баста депрессияға жиі ұшырайтын әйелге берген. Жәнібекті тағдырлы бала деп айтатыным сол. Бұл бала бізден кетіп, екі жылдан соң тағы балалар интернатына түсті. Сондықтан ғой айтып отырғаным, аналар сүйе де алады, құша да алады. Ақша үшін, басқа үшін баланы шекара асырып та жібере алады. Осының бәрін жасайтын әйел», деп түйіндеді ол.

 

Жәнібек Савельев сатып жіберген перзентхана қызметкері

Тақырыпқа жаңалықтар